«ALQA FOUNDATION» Халықаралық Мәдениет Қоры» Жеке қоры әдебиет пен өнер саласындағы жас таланттарды қолдау және насихаттау мақсатында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Қазақтың «алқа» сөзінің бірнеше мағынасы бар. Қазақтар көк аспанның астында жиналып, келелі мәселені шешерде «Алқа құрып, ақылдасайық» деген.

ALQA - Ұлы Даланың тарихи-әлеуметтік мәселелерін шешуге арналған би-сұлтандардың бас қосуы,  ҰЛЫ ЖИЫНЫ!

«Алқа» сөзі араб тіліндегі дөңгелек деген мағынадағы хәлха сөзімен байланысты. Қазақы ортада алқа ұғымы, бір жағынан, ақсақалдар кеңесі, билер кеңесі, билер соты сияқты арнайы жиындардың ұйымдастырылу бітімін, екінші жағынан, сол институттардың ең шешуші кезеңін, яғни белгілі бір мәселені шешуге байланысты жиынға қатысушылардың арнайы мәжіліс-кеңесін білдіреді.

ALQA- Тек қазақ ақын-жазушыларын ғана емес, түркі әлемі өкілдерінің басын біріктірген Қазақстандағы тұңғыш әдеби бірлестіктің атауы!

ALQA-  бірнеше бөлік асыл  тастардан,  түрлі-түсті шыны көздерден тұратын әйелдердің  дөңгелек пошымдас мойын әшекейі.

      Жүйелі түрде Түркі кеңесі жастары көшбасшыларының форумын, ғылыми конференциялар мен семинарлар өткізуді, түркі әлемінің бірегей тарихи жерлеріне өлкетану экспедицияларын ұйымдастыруды ұсынамын. Бұл шаралар жастарымызды жақындастырып, елдеріміздің мәдени ерекшелігі туралы білімдерін тереңдетуге септігін тигізеді деп сенемін.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,

(Түркі тілдес мемлекеттердің

ынтымақтастық кеңесінің VI саммиті

04.09.2018ж.)

 

 

 

 

«Жаһанданудың шығыстық дәстүрі нақты сипатқа ие болып, кеңейе түсуде.  Мысалы, қазір Ұлы Жібек Жолының экономикалық мән-маңызы ғана көбірек айтылады. Шын мәнінде, оның тұтас өркениеттерді тоғыстыратын күшке ие болғаны ескеріле бермейді. Бүгінде Азияның озық экономикасымен бірге әдебиетіөнерібілім жүйесі де алдыңғы қатарға шықты».

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ

(Азия елдері қаламгерлерінің І Форумы

4.09.2019ж.)

    АлдыменАзия қаламгерлері форумы шығармашыл қауымның маңызды диалог алаңына айналуы керек.

Бұл маңызды шара Азия елдерінде тұрақты түрде өтуі қажет деп санаймын.

Адамзатты толғандырған күрделі мәселелер дәл осындай алаңдарда ортаға салынуы тиіс. Азияны бүкіләлемдік рухани даму орталығы ретінде дамыту айрықша маңызды. Сондықтан әдеби үдерістерді жаңғырту үшін жағдай жасау – басты міндеттердің бірі.

       Осы мақсатта «Азия алыбы» халықаралық әдеби сыйлығын тағайындаған жөн.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ

(Азия елдері қаламгерлерінің І Форумы

4.09.2019ж.)

© 2019 ALQA Foundation. All Rights Reserved.