Халықаралық жобалар

Халықаралық «ALQA» әдеби конкурсы  жоғары сапалы әдеби-көркем шығарма жаза алатын, Ұлы Жібек Жолы, оның ішінде Орталық Азия елдері заманауи әдебиетін сақтау мен дамытуға үлкен үлес қоса алатын талантты жас авторларды табу және оларды ынталандыру мақсатында өткізіледі.

Конкурс сонымен бірге талантты авторларды одан әрі қолдау, лауреаттарды халықаралық баспа нарқына шығару, олардың шығармаларын ірі халықаралық әдеби жүлделер мен сыйлықтарға ұсынуға ықпал ету мақсатын көздейді.

Конкурсқа 18-40 жас аралығындағы жас авторлардың шағын формалар бойынша шығармалары қатыса алады:

Көркем проза

Деректі проза

Поэзия

Драма

 Конкурс екі жылда бір рет өткізіледі.

Конкурс үш кезеңнен тұрады:

  • Конкурсты жариялау;
  • Сарапшылар жұмысы- әдебиетшілер Форумы
  • Марапаттау салтанаты
© 2019 ALQA Foundation. All Rights Reserved.