Конкурс Ережесі

ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ЕЛДЕРІНІҢ ЖАС АВТОРЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ALQA» ӘДЕБИ КОНКУРСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

 

1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Ұлы Жібек Жолы елдерінің жас авторлары арасындағы халықаралық «ALQA» әдеби конкурсын (бұдан әрі - конкурс) «Alqa Foundation» Халықаралық Мәдениет Қоры» Жеке Қоры (бұдан әрі - Қор) Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорымен бірлесіп өткізеді.

1.2 Осы Ереже Конкурстың өткізілу тәртібі мен мерзімін, оған қатысушыларға қойылатын талаптарды, Конкурсқа жұмыстарды ұсыну, оларды таңдау мен бағалау шарттарын анықтайды. 

1.3 Конкурс екі жылда бір рет өткізіледі. 

1.4 Конкурс  келесі номинациялар  (шағын формалар) бойынша өткізіледі:

  • Көркем проза (әңгіме, новелла және т.б.)
  • Деректі проза (очерк, эссе және т.б.)
  • Поэзия
  • Драма

1.5 Конкурс туралы ақпарат (Конкурс Ережесі, байланыс телефондары, Конкурс жаңалықтары) бұқаралық ақпарат құралдарында және  ұйымдастырушылар мен бірлесіп ұйымдастырушылардың сайтттарында жарияланады.

 

2.КОНКУРСТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

  • Ұлы Жібек Жолы елдерінің әдебиет қайраткерлері, жас жазушылары мен ақындары, драматургтары арасындағы байланысты нығайту;
  • Әдебиет саласындағы жас таланттардың өзара байланысы үшін халықаралық алаң құру;
  • Орталық Азия және отандық заманауи әдебиеттің әлемдік әдеби кеңістікке интеграциялануын қамтамасыз ету.

 

3.КОНКУРС ШАРТТАРЫ

3.1 Конкурсқа  Ұлы Жібек Жолы елдерінің жас авторлары (18 ден 40 жасқа дейін) қатыса алады.

3.2 Конкурсқа қатысу үшін Конкурстың мақсат-міндеттеріне сай келетін жұмыстарды ұйымдастырушыларға көрсетілген мерзімге дейін  жіберу керек.

3.3 Конкурсқа соңғы екі жылда жарық көрген шығармалар және бұрын жарық көрмеген шығармалар қабылданады.

3.4 Конкурсқа түпнұсқа тіліндегі жұмыстың электронды нұсқасы қабылданады.

3.5 Конкурсқа жеке шығармалар қабылданады. Ұжымдық жұмыстар Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

3.6 Бір қатысушы Конкурсқа тек бір жұмыспен қатыса алады.

3.7 Бір автор Конкрустың тек бір номинациясына қатыса алады.

3.8 Авторлар Конкурсты ұйымдастырушыларға жұмыстарын өз қалауы бойынша пайдалану құқығын береді. Конкурсқа ұсынылған жұмыстарды көпшілік алдында жариялау кезінде автордың аты-жөні міндетті түрде  көрсетіледі. Жіберілген конкурстық жұмыстар қаралмайды және қайтарылмайды.

3.9  Ұйымдастырушылар, бірлесіп ұйымдастырушылар және  сарапшылар кеңесі шығармалардың авторлық құқығына жауап бермейді.

3.10 Конкурсқа қатысу осы Ереженің талаптарымен толық келісуді білдіреді.

 

4 КОНКУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

4.1 «Көркем проза» номинациясы: жұмыс көлемі компьютерде терілген 2 беттен 20 бетке дейін. Бір конкурстық жұмыс – бір шығарма.

4.2 «Деректі проза» номинациясы: жұмыс компьютерде терілген 2 беттен 20 бетке дейін. Бір конкурстық жұмыс - бір шығарма.

4.3 «Поэзия» номинациясы: кез келген бағыт пен жанрдағы поэзиялық шығармалар. Бір конкурстық жұмыс - көлемі 100 жолдан аспайтын үш шығармадан аспауы тиіс.

4.4 «Драма» номинациясы: жұмыс көлемі компьютерде терілген 2 беттен 20 бетке дейін. Қалған актілердің қысқаша мазмұны бар бір актілі пьеса немесе бір актілі мини-пьеса ұсынылады. Бір конкурстық жұмыс - бір шығарма.

4.5 Конкурстық жұмыстарды безендіру  төмендегі талаптарға сай болуы тиіс: -  шрифт түрі -Times New Roman, кегль 14, жол аралығы - 1,5;

- шеттері:  сол жақтан - 3 см, жоғары және төменнен -2 см,оң жақтан - 1,5 см;

- тақырыбы: беттің ортасында (автордың аты-жөні  тақырыптың астында оң жақта).

4.6 Көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстар Конкурсқа жіберілмейді.

4.7 Анонимді туындылар, автордың шынайы аты-жөні көрсетілмеген жұмыстар, сондай-ақ үшінші тараптар жіберген шығармалар қарастырылмайды. 

4.8 Конкурсқа келесі шығармалар қабылданбайды:

-  саяси, діни және басқа төзімсіздік (дұшпандық) түрлерін насихаттайтын; этникалық араздыққа, жыныстық және нәсілдік кемсітушілікке шақыратын  жұмыстар;

-         нормативті емес лексика  қолданылған жұмыстар;-         авторлық құқықты бұзатын;-         Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жариялауға тыйым салынған шығармалар;-         шығармашылық псевдонимдермен қол қойылған жұмыстар (автордың шығармашылық псевдонимі конкурс жарияланғанға дейін ISBN-де: журналдар, альманахтар, кітаптар мен жинақтармен қағаз әдебиет беттерінде жарияланған жағдайлардан басқа).

4.9 Конкурсқа қатысу тегін.

4.10 Конкурсқа қатысушылар туралы ақпарат жұмыстардың түсу ретіне байланысты «ALQA» ЖҚ ресми сайтында жарияланып отырады. Конкурсқа қатысушылардың шығармалары сарапшылар кеңесінің алдын-ала қорытындылары шығарылмайынша сайтқа салынбайды.4.11 Осы Ережеде көрсетілген номинациялар жанрына сәйкес келмейтін, сонымен қатар талапқа сай ресімделмеген, көлемі Ереже талаптарына сәйкес келмейтін шығармалар Ұйымдастыру комитетінде тіркелмейді және қарастырылмайды.4.12 Ұсынылған шығармалар конкурстарға бірінші рет қатысқан болуы керек. Ұйымдастыру комитеті конкурсқа ұсынылған жұмыстар жөнінде авторлармен талқылауға түспейді

 

5. КОНКУРСТЫҢ ӨТКІЗІЛУ МЕРЗІМІ

5.1 Байқауға қатысу өтінімдері 2019 жылдың 1 қазанынан 2020 жылдың                   1 мамырына дейін қабылданады. Мерзімі өткеннен кейін түскен жұмыстарды Сарапшылар кеңесі қарамайды.

 

6. ӨТІНІМДЕРДІ БЕРУ ТӘРТІБІ

6.1 Конкурсқа қатысу үшін мыналарды ұсыну қажет:

  • шығарманың электронды нұсқасы;
  • автордың JPG форматындағы түрлі-түсті суреті;
  • жеке файлда қатысуға өтінім (өтінімді жүктеу).

6.2 Барлық материалдар .......... электронды поштасына жіберілуі керек.  Хат тақырыбында автордың аты-жөні, шығарманың атауы мен қатысатын номинациясы көрсетілуі керек. Мысалы: «Алиев А.А., Көркем проза, «Бақыт».

7. КОНКУРС ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ 

7.1 Конкурс жеңімпаздарын Сарапшылар кеңесі, Ұйымдастырушылар және конкурсқа қатысушы елдерден шақырылған өкілдер анықтайды.7.2 Әр жұмысты Сарапшылар кеңесінің әр мүшесі тексереді.

7.3 Сарапшылар кеңесінің шешімі дауланбайды және қайта қарауға жатпайды.

7.4 Сарапшылар кеңесі еш түсіндірмесіз кез келген жұмысты конкурстан алып тастауға құқылы. Сарапшылар кеңесі конкурсқа қатысушылармен пікір таластырмайды.7.5 Конкурс жүлдесі бір шығармаға тек бір рет беріледі.7.6 Жарыстың жүлде қорының мөлшері Конкурстың ұйымдастырушылары Конкурстың бірлесіп ұйымдастырушыларымен келісіп анықтайды.

 

 

© 2019 ALQA Foundation. All Rights Reserved.