Конкурс Серіктестері

Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты, білім, мәдениет, әдебиет, тарих саласында жұмыс жасайтын кез-келген мемлекеттік мекеме және/ немесе үкіметтік емес ұйымдар Конкурстың серіктесі бола алады. Ұйымдастыру комитеті мүдделі тараптардың серіктестік туралы өтініштерін қарау құқығын өзіне қалдырады. Ықтимал серіктестердің өтінімдері міндетті түрде «ALQA конкурсының серіктесі» белгісімен электронды поштасына қабылданады. Конкурстың ресми серіктесі өзінің номинациясы мен жүлделерін белгілеуге құқылы. Байқаудың ресми серіктесінің логотипі мен аты марапаттау рәсімін ресімдеуде, сонымен қатар Ұйымдастыру комитетінің барлық бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі ақпараттық хабарламаларында қолданылады. Осы ақпарат барлық мүдделі тараптар үшін серіктестікке ресми шақыру болып табылады.

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ

     Қазақстан халқы Ассамблеясы – мемлекеттік ұлттық саясатты  әзірлеу және жүзеге асыруға ықпал ету мақсатында құрылған Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ол  1995 жылғы 1 наурызда Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен құрылды. 2016 жылдан бері бұл күн - Алғыс айту күні болып аталып өтіледі.

         Қазақстан  халқы Ассамблеясының мақсат-міндеттері:

  • нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, әлеуметтік топтарға, бағдарына қарамастан Республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының теңдігі;
  • Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін жан-жақты дамыту;
  • халықаралық ұйымдармен интеграциялық байланыстарды кеңейту;
  • Қазақстан этностарын топтастыру арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру;
  • рухани бірлік идеясын қалыптастыру және тарату, халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді нығайту және сақтау.

Барлық аймақтарда Достық үйлері өз жұмысын тиімді атқарып келеді, олар көпэтностық құрамы бар өңірлерде орналасқан. Алматы қаласында "Достық үйі", Нұр-Сұлтанда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған «Бейбітшілік және келісім сарайы» жұмыс істейді. Мұнда Қазақстан халқы Ассамблеясының жыл сайынғы сессиялары, әлемдік және дәстүрлі діндер съездері, маңызды іс-шаралар өтеді. Қазақ және орыс театрларынан басқа, елімізде тағы төрт ұлттық театр: өзбек, ұйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс істейді.

         Қазақстан Республикасында этномәдени өзара қарым-қатынастар саласында этномәдени бірлестіктердің ақпараттық-коммуникациялық ресурстарын дамытуды қолдауға ерекше көңіл бөлінген. Ақпараттық алаңда 35-тен астам этникалық газет пен журнал жұмыс істейді. Ең ірі 6 этностық республикалық газет мемлекеттік қолдау арқылы жұмыс істейді. Газеттер мен журналдар 11 тілде, радиохабарлар 8 тілде, ал телехабарлар 7 тілде шығарылады.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ  –

ЕЛБАСЫ ҚОРЫ

          Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры – Қазақстандағы Президент қоры. Бұл еліміздегі қызметі кәсіби басқару және жобалардың жүйелілігі қағидаларын ұстанатын ірі коммерциялық емес қор.

Қор 2000 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен құрылды. Бүгінде Қор адам капиталының бәсекелестік қабілетін арттыруға және қазақстандық жаңа ұрпақтың қалыптасуына бағытталған Елбасы идеяларын жүзеге асыруда.

Қордың Миссиясы – талантты жастарға көмек көрсету, қоғамдық маңызды әлеуметтік жобаларды қолдау арқылы қоғамның шексіз әлеуетін дамыту.

        Қордың негізгі Мақсаты – Қазақстанның гүлденуі үшін Тұңғыш Президент идеялары мен жобаларына ел азаматтарын біріктіру.

        Өз жұмысында Қор  үш басты міндетті орындауға шоғырланған:

  • талантты жастарды қолдау;
  • әлеуметтік-бағытталған жобаларды жүзеге асыру;
  • бәсекеге қабілетті ғылыми-сараптамалық орталықты дамыту.

       Қор ғылым және өнер жолындағы талантты жастарды қолдау үшін жан-жақты қолайлы жағдай жасауға ұмтылып келеді. Ол қазақстандық қоғамдағы маңызды әлеуметтік мәселелерді шешетін үкіметтік емес ұйымдардың жобаларын жүзеге асыруға ықпал етеді.

© 2019 ALQA Foundation. All Rights Reserved.