Басышылық

ҚОР ПРЕЗИДЕНТІ

Таңжарықова Алуа Василийқызы филология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор.IMG 5585

Қазақстанның бірқатар жоғары оқу орындарында оқытушы  болып жұмыс істеді.  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық аккредиттеу орталығында  Мониторинг және маркетинг бөлімін басқарды. Қазір Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде қауымдастырылған профессор болып қызмет етеді.

Ресей жаратылыстану Академиясының «Білім саласындағы үшін» медалі (2004), ҚР БжҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2015),  «Білім беру саласының үздігі» (2018), «Үздік ұстаз» төсбелгілерімен (Абай атындағы ҚазҰПУ, 2019) және т.б. марапатталған.

100-ден аса ғылыми мақаланың, 3 монографияның («Дулат Исабеков прозасының көркемдік әлемі», «Қазақ прозасындағы этнографиялық және фольклорлық сарындар»), оның ішінде 1-уі ағылшын тілінде («National Cognition  in Kazakn Prose»), 3 оқу құралының, 10 оқу-әдістемелік құралдың және т.б. авторы. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Қазіргі әдебиет және фольклор» ұжымдық еңбегінің «Фольклорлық сарындар» тарауын жазды.

Ғылыми  қызығушылығы – қазақ әдебиетінің теориясы мен тарихы, заманаиу әдебиет, түркі халықтарының әдебиеті мен фольклоры және т.б.

Қазақстан және шетелдерде (Ресей, Өзбекстан, Польша, Түркия, Нидерланды және т.б.) біліктілік арттыру курстары мен ғылыми тағылымнамадан өткен.

 

ҚОРДЫҢ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ

Жаныбаева Қалдыгүл Әкімжанқызы K Zhanybayeva

Жоғары білімді филолог, өзінің еңбек жолын денешынықтыру және спорт институтында қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы болып бастады, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде қазақ әдебиетінің тарихы курсын жүргізді. 1997-2002 жылдар аралығында «Дидар-Қазақстан» халықаралық журналы,  «Отан» республикалық  қоғамдық-патриоттық журналы сияқты мерзімді басылымдарда редактор, жауапты редактор, кейін бас редактор қызметтерін атқарды.

2002 жылдан қазірге дейін киноөндіріс және кітап басу саласында жұмыс істейді.

ТМД және Балтық елдері Кинематографистер Одағының мүшесі. Қазақстанның кинематографиялық өнері мен ғылымы Ұлттық Академиясының қауымдастырылған мүшесі. 7 анимациялық картинаның продюсері. 1 қысқа метражды ойын фильмінің, 4 деректі фильмнің және 3 сазды клиптің режиссері.

Режиссерлік дебюті «Жаным садаға» фильмі – «Шәкен жұлдыздары» IV Халықаралық кинофестивалінде «Үздік продюсерлік дебют» жүлдесіне ие болды (2007).

ТМД және Балтық елдері Конфедерациясы Кинофорумының қатысушысы (Мәскеу-2007).

«AISFF-2007» Халықаралық кинофестивалінің дипломы (Сеул-2007).

Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабының желісімен түсірілген «Қазақ Елі» алғашқы анимациялық сериалының  (50 серия) редакторы.

Үздік анимациялық фильмдер

«Дүние кезек» – Үздік анимациялық фильм, «Шәкен жұлдыздары» I Халықаралық кинофестивалі  (2004), «Тиндириндис» Халықаралық кинофестивалінің қатысушысы (Вильнюс-2003). 
«Ақсақ құлан»  Үздік анимациялық фильм, І Ұлттық киноның Ашық конкурсы, «Астана-Бәйтерек» жүлдесі (2005).
«Невеста волка», «AISFF-2006» Халықаралық кинофестивалінің дипломы (Сеул-2006).
«Последний олень», «Хиросима-2008» Халықаралық кинофестивалінің «Әлемнің үздік анимациясы»  дипломы.

«Бес құрлық» Халықаралық балалар киносы кинофестивалінің арт-директоры.

15-тен аса кітаптың құрастырушы-авторы.

© 2019 ALQA Foundation. All Rights Reserved.