Қордың мақсаты

Әдебиет пен өнердің барлық саласындағы жас таланттарды қолдау.

Қор алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін мына іс-шараларды жүзеге асырады:

    • Ұлы Жібек Жолы, оның ішінде Орталық Азия елдері мәдениетінің әлемдік мәдени кеңістікке кірігуін дамыту және тереңдету жөніндегі жобаларды іске асыру;
    • Ұлы Жібек Жолы, оның ішінде Орталық Азия елдері мәдениетін дамытуға және қолдауға бағытталған шығармашылық жас буын арасында байқау-конкурстар, фестивальдер, көрмелер, байқаулар қйымдастыру;
    • Ұлы Жібек Жолы, оның ішінде Орталық Азия елдері мәдениеті мен өнерін дамытуға арналған бірлескен жобаларды ұйымдастыруға және өткізуге атсалысу;
    • Ұлы Жібек Жолы, оның ішінде Орталық Азия елдері шығармашылық жастарының әлеуметтік және мәдени бейімделуіне әрі бірігуіне жәрдемдесу;
    • Бірлікті нығайтуға және азаматтық, ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуге, Қазақстан халқының этномәдени дамуына бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды дәріптеуге ықпал ету;
    • Ұлы Жібек Жолы, оның ішінде Орталық Азия елдері мәдени және тарихи мұраларын, тілдерін, дәстүрлерін, мәдени құндылықтарын дамытуға, сондай-ақ мәдени байланыстарды сақтауға бағытталған форумдар, конференциялар, семинарлар, концерттер, мастер-кластар, лекциялар өткізу;
    • Халықаралық мәдени акциялар мен мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастыққа бастамашылық ету;
    • Ұлы Жібек Жолы, оның ішінде Орталық Азия елдері мәдени мұралары мен құндылықтарын сақтау саласындағы волонтерлер қозғалысын, этнографиялық және мәдени-танымдық туризмді дамытуға жәрлемдесу;
    • Ұлы Жібек Жолы, оның ішінде Орталық Азия елдері ортақ жетістіктерін насихаттайтын, елеулі тарихи оқиғаларды көрсететін ғылыми зерттеулерді, танымал ғылыми жарияланымдарды, әдебиет, көркемөнер шығармаларын, кино мен телевизия, интернет-өнімдерін жасау бойынша  қосымша шараларды әзірлеуге жәрдемдесу;
    • Халықаралық, аймақаралық, аймақтық және басқа конгрестерге, конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, фестивальдерге және басқа да іс-шараларға (көрмелер, жәрмеңкелер, фестивальдер және т.б.) қатысу, сондай-ақ осындай іс-шараларды тәуелсіз ұйымдастыру және өткізу;
    • Қордың мақсаттарына жетуге бағытталған мәдени ойын-сауық, мәдени- бұқаралық шаралар, аукциондар, фестивальдер, көрмелер мен жәрмеңкелерді ұйымдастыру және өткізу;
    • Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қызметтің түрлерін ұйымдастыру.
© 2019 ALQA Foundation. All Rights Reserved.